Жоламан орта мектебі бойынша "ЖасҰлан","ЖасҚыран" ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы ақпараты » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоламан орта мектебі бойынша "ЖасҰлан","ЖасҚыран" ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы ақпараты
27
май
2021

Жоламан орта мектебі бойынша "ЖасҰлан","ЖасҚыран" ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы ақпараты

2021-2022 оқу жылындағы   «ЖасҰлан,ЖасҚыран» ұйымының  жұмыс жоспарына сәйкес  атқарылған жұмыстарының қорытынды ақпараты

   Жоламан  орта мектебі бойынша қыркүйек айында  өзін -өзі басқару ұйымының бұйрығы шығарылып  жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес тәуелсіздіктің  30 жылдық мерекесіне орай  

1-қыркүйек білім күні «Тәуелсіздік жетістіктері!»тақырыбында 2-11сыныптар арасында сынып сағаттары толығымен талапқа сай өткізілді. 

Мақсаты : Отанға ұтымды және  эмоционалды қарым -қатынасы, мемлекет пен қоғамның , құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын , балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру. 

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін  «Кел, балалар оқылық!» атты  тақырыпта алғашқы білім күні іс- шарасы ұйымдастырылды. 


Мектебімізде қыркүйек айында  Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мектеп   білім алушыларының  өзін –өзі  басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сәйкес өзін- өзі басқару  ұйымы  құрылып мектеп президентіне үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 

 Мақсаты :

   Еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті,білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихын білетін, тілін, дінін,  әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны  өзін- өзі басқарту  арқылы  қалыптастыру.

Міндеті: 

Қазақстан  Республикасындағы «Тәрбие жұмысының  кешенді  бағдарламасы  мен үздіксіз білім беру жүйесінің  тәрбие  тұжарамдамасына»  сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа  тәрбиелеу.

- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы  негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты  артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігін  арттыру;

-  жастар бірлестігінің бағыттарына  байланысты  ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттырып. Мектеп президенті болып 10 сынып оқушысы

 Қалмуханбет Нұрай Алмасқызы сайланды.


Құқық және тәртіп фракциясы-  Қабылда Нұржан 10а сынып оқушысы

Ақпарат фракциясы- Сейтнұр Дана 10а сынып оқушысы

Спорт және салауатты өмір салты фракциясы-  Нұрмолда Бекзат 11ә сынып 

оқушысы

Мәдениет және өнер фракциясы- Қайнарбек Назым  8ә сынып оқушысы

Дебат қозғалысы фракциясы-Игілік Аружан 10а сынып оқушысы

Экология және еңбек фракциясы- Жұматай Дильназ 10ә сынып оқушысы

1 қазан  қарттар мерекесіне орай  арнайы жоспар құрылып,сол жоспар негізінде іс шаралар қашықтықтан ұйымдастырылды. Жоспарда қамтылған іс шаралар: Ауылдағы қарт адамдар мен мүгедектер тізімі анықталып мерекелерімен мектеп оқушылары мен ұжымы мерекелерімен құттықтады.  Сонымен қатар сынып жетекшілер «Аман сау жүрші,менің атам әжем!» тақырыбыында сынып сағаттары ұйымдастырылды.  Сынып сағаттарында «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбында тәрбиелік мәні бар бейнефильмдер көрсетілді.

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»,тақырыптарында тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Ауылымыздың ардагер ұстаздарын да мектеп ұжымы zoom платформасы арқылы арнайы құттықтады.

       «Ұстаз –ұлы есім» тақырыбында «Өзін өзі басқару ұйымы» мүшелері мен «ЖасҰлан» ұйымының ұйымдастыруымен ,жас түлектердің құттықтаулары бейнеролик арқылы мектеп ұстаздарын,барша ұстаздар қауымын қашықтықтан құттықтады. «Ұстазым менің , ұстазым» тақырыбында ашық іс шара ұйымдастырылды. Барлық санитарлық талаптар сақталып,іс шара өз деңгейінде өтті. Zoom платформасы  арқылы ардагер ұстаздарды құттықтау шаралары жүргізілінді. «Ұстазым саған ,мың алғыс » тақырыбында оқушылар қабырға газеттері мен ашық хаттар жасады. 



«Армысың алтын күз»  тақырыбында бастауыш сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.Бастауыш сынып оқушылары күзге байланысты көптеген суреттер салып,өздері салған суреттер жайлы таныстырып өтті.Байқауда жақсы суреттер салған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.



        «Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» КММ 10-шы  қыркүйектегі №42-42/2981 хатына сәйкес, Жоламан  орта мектебі бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұйымдастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа сенің көз қарасың» атты тақырыпта қашықтан өткізілетін іс-шара жоспары жасалынып,бекітуге ұсынылды.Жоспарда сурет байқауы,видео-вайндар түсіру және әңгіме сағаты қамтылды.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін   қалыптастыру . Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде «Адал ұрпақ» клубы құрылып мүшелері жасақталды.   Осы мақсатта оқушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-шара қимыл туралы» ҚР-ның заңдарының  талаптары  түсіндіріліп қашықтан кеңестер  өткізіліп құқық бұзушылықтың алдын алу заңның мүлтіксіз сақталуы туралы     түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді.


    «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетына қатысуға оқушылар дайындық жасауда.

     Мектебімізде  оқушыларға  «Мектепке жол!»,«Қамқорлық», «Ашық есік» күні акциялары ұйымдастырылып отырады. Мектеп бойынша  оқушылар «Ту терезеде» челленджіне қатысып тәуелсіздігіміздің  30 жылдық мерекесімен құттықтаулар жолдады.  Тәуелсіздік мерекесіне орай «Қазақтың  шын есімі- Тәуелсіздік!» атты іс –шара жопары жасалынып бекітуге ұсынылды.  Іс- шара жоспары бойынша тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына тұспа -тұс келген,   «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық    мерекесіне орай 15.12.21ж күні мектеп белсенділері «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мүшелікке  34 оқушы    қабылданды.  Жас Ұлан- 19 оқушы,  Жас Қыран- 15 оқушы. 

      Оқушыларға зейнеткер ұстаздар төс белгі мен галстуктарын табыс етті. «ЖасҰлан» ұйымына қабылдау антын Мұратбек Мадина мен Айдынұлы Нұрбек айтты. «ЖасҚыран» ұйымына қабылдау антын 1а-1ә сынып оқушылары Отарбай Ералы мен Руслан Бекжан қабылдады.



     16 желтоқсан Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрбандары»   тақырыбында 11 сынып  оқушыларының ұйымдастыруымен сахналық көрінісі жасалды


       Мад топтарында, бастауыш сыныптар арасанды орта буын, жоғарғы сыныптар арасында тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына байланысты тәрбие сағаттары өткізілді. Ұйымдастырлаған іс-шаралар интернет желілеріне салынып отырылады. Ауған соғысының 33жылдығына орай өткізілген «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауған соғысының ардагері  Жоламан ауылының тұрғыны Тоқбосынов Ермек Орынбекұлы және Сарыөзек ауылының тұрғыны ауған соғысы ардагері Нурғалиев Черғали Мұқашұлы келді. 9сынып оқушылары Туркестанов Өмірбек Қоқымбекұлына гүл шоғын қойып саптық шеру ұйымдастырылды.

Мектеп АКТ залында оқушылардың дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.Оқушылар ауған соғысы ардагерлерге өздерінің сұрақтарын қойды. Оқушылар өздерінің өлең жолдарын тарту етті.


Ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті.Оқушылар жақсы белсенділікпен атсалысты.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жоламан аруы-2022» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау жақсы ұйымдастырылды, байқауға қатысқан қыздар өз өнерлерін көрсетіп жақсы атсалысты.Қыздар өздері жасаған тағамдарын бейне ролик арқылы таныстырып өтті.

22 наурыз күні «Армысың Әз Наурыз» тақырыбында ашық іс шара ұйымдастырылды. Барлық сыныптар арасында сынып сағаттары  ұйымдастырылып өткізілді. «Айгөлек» балабақшасы «Наурыз той думан» тақырыбында ашық іс -шара ұйымдастырып өткізді.


«Құстар біздің досымыз» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында байқау өтілді.Оқушылар құстарды аялау туралы өз ойларын айтып ортаға салды.Өздерінің тақпақтарын айтып өтті.Құстар күніне орай өздерінің салған суреттерімен таныстырып өтті. «Жас түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтілді. «ЖасҰлан» ұйымы оқушылары белсене атсалысып отырды. 



«ЖасҰлан» ұйымы мен «өзін өзі басқару» ұйымының жоспар бойынша атқарған жұмыстары  толығымен орындалды.Жоспар бойынша барлық жұмыстар толығымен атқарылды.



Орындаған

Ұстаз ұйымдастырушы

В.Абдуайтова

87778133495