2020 – 2021 оқу жылындағы оқушылар арасында «зорлық – зомбылық, әлімжеттілік, қысым көрсетуге» алынған сауалнама қорытындысы » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020 – 2021 оқу жылындағы оқушылар арасында «зорлық – зомбылық, әлімжеттілік, қысым көрсетуге» алынған сауалнама қорытындысы
09
декабрь
2020

2020 – 2021 оқу жылындағы оқушылар арасында «зорлық – зомбылық, әлімжеттілік, қысым көрсетуге» алынған сауалнама қорытындысы

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бойынша 2020 – 2021 оқу жылындағы оқушылар арасында «зорлық – зомбылық, әлімжеттілік, қысым көрсетуге» алынған сауалнама қорытындысы


                «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бойынша қауіпсіз мінез – құлық пен зорлық – зомбылықтың алдын алу қағидалары бойынша балаларға арналған қашықтықтан психологиялық және ойын тренингтерін жоспар бойынша мектеп психологінің жауапкершілігімен ұйымдастырылып өтілуде.

       Балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қашықтықтан ата-аналар жиналыстары өткізіліп балалардың бос уақытында  қадағалаулары жайында ескертілді.

Балалардың психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін қатыгездікті, зорлық – зомбылықты, басқа да теріс әрекеттерді насихаттайтын сайттарға мониторинг жүргізіліп нәтижесінде теріс іс-қимылдарды насихаттайтын сайттарға кіріп жүрген оқушылар тіркелген жоқ.

Балаларға қатысты зорлық зомбылықтын алдын алу немесе анықтау мақсатында мектеп оқушыларынан ононимді анкеталар алынып нәтижесінде зорлық – зомбылыққа дұшар болған оқушылар анықталмады.

Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында 1-2-3тоқсан аралығында 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. 

Сауалнаманың қорытындысы бойынша 

1.Ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай? деген сұраққа оқушылардың барлығы «жақсы қарым-қатынастамын» деп жауап берді.
 А) жақсы қарым-қатынастамын  
 Б) одан да жақсы болуы мүмкін
 В) конфликті
 2.Саған қатысты зорлық жасалды ма? деген сұраққа 
барлығы «жоқ» деп жауап қайтарды.
 А) Ия
 Б) Жоқ
 3.Саған қатысты уйде зорлық жасалды ма? сұрағына 
барлығы «жоқ» деп жауап қайтарды.
 А) Ия күштеп (шапалақ,ата-анан қол көтеру
 Б) Ия эмоциялы (сөзбен ренжитеді, айқайлайды, өзімді жаман адам сияқты сезіндіреді)
 В) Жоқ
 4.Саған қатысты мектепте зорлық жасалды ма? деген сұраққа 
барлығы «жоқ» деп жауап берді.
 А) Ия күштеп
 Б) Ия эмоциялық
 В) Жоқ
 5.Өзіңді қорғай аласың ба? сұрағына 
барлығы «ия» деп жауап қайтарды.
 А) Ия
 Б) Жоқ
 6.Саған қатысты әртүрлі зорлық-зомбылыққа қалай қарайсың? сұрағына барлығы «қорғанамын» деп жауап қайтарды.
 А) қорғанамын
 Б) уайымдаймын, бірақ көрсетпеймін
 В) бәрі-бір

7.Келешекте өзің ата-ана болғанда өзіңнің балаңа зорлық-зомбылық жасайсың ба? сұрағына барлығы «жоқ» деп жауап қайтарды.
 А) Ия
 Б) Жоқ

 


Нәтижесінде сауалнама бойынша мектеп ішінде балалар арасында зорлық – зомбылық, ұрып-соғу, ақша сұрау, заттарды тартып алу, ұлдар мен қыздар арасындағы құрылған топтар жоқ, ешқандай келеңсіздік белгілері жоқ екендігі анықталды.