Наурыз ақпарат » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2024

Наурыз ақпарат

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

Мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылындағы ДТІЖО әдістемелік орынбасарының наурыз айындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


   «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-9 сыныптар аралығында «Бұлақ көрсең көзін аш» тақырыбында өткен педагогикалық қолдау өтті. Педагогикалық қолдау деп балалардың дене және психикалық денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына, сондай-ақ өмірлік және кәсіби болашағын таңдап ала білуге байланысты жеке басының проблемаларын шешуде кәсіби педагогтардың бірінші болып жедел көмек көрсету әрекетін айтамыз.

Педагогикалық қолдау көрсетудің мәні:

  • басқа біреуге сенімділік дарыту;
  • оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу;
  • дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу.

Педагогикалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет.

https://www.instagram.com/reel/C4IYC2wruCa/?igsh=MXJvbnV4ank1eGtrZg== 


4-15 наурыз аралығында «Балауса» бірлестігі (бастауыш сынып, шағын орталық, мектепалды даярлық) онкүндігінің ашылуы өтті.


https://www.instagram.com/reel/C4KL3pPo-49/?igsh=MWYzcnNlMTcxZ3Y2eA== 


8 наурыз халық аралық әйелдер мен қыздар күнінде «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналық мемлекеттік мекемесі оқушылары Жоламан ауылдық мәдениет үйінде «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты аналар мерекесіне орай мемлекеттік іс-шара өткізді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерін дамыту балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/C4LmmnhLJjM/?igsh=MW1yMjllbXI0OTJ6cw== 


5-11 сынып оқушылары арасында қабырға газеттері ілінді.

  Орындаған тәрбие әдістемелік ісі жөнінегі орынбасары: А.Қожахметова

Похожие публикации: