Жетісу облысы Кербұлақ ауданы "Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесі » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы "Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20
январь
2023

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы "Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                                                                  Жоламан орта мектебі МДШО 

                                                                                Директоры А.Жанаберлиевке


ІI тоқсандағы ұстаз – ұйымдастырушының атқарған жұмысы

 бойынша есеп беру туралы 

Ақпарат


Қараша айының 15 жұлдызында «Қазақтың батыр қызы» Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай өткізілген 6а сынып оқушыларының сынып сағаты.6а сынып оқушылары Мәншүк Мәметованы еске алу мақсатында өмірбаянын,батыр қызымызға арналған өлең шумақтарын оқып берді.Экраннан батыр қызымыздың видеороликтері және көрмесі көрсетілді.Оқушылардың барлығын лездемеге шығарып таныстырылым жұмыстарын жасады.Сынып жетекшісі:Э.Нурабаева

 

 

«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында мектеп психологы Б.Такеновтың ұйымастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында сауалнама алынды.   Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
 Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
 Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
 Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады
.



«Адал ұрпақ» еріктілер  клубының  жұмысы ұйымдастырылып , өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Жол таңбалары» тақырыбында пікір талас өткізді.Пікір талас барысында жол таңбаларының суретін салды.Оқушылар өскелең ұрпақтың ережелерді және тыйым салынған нәрселердің барлығын осы беттен бастап үйрене білуі керек екендігін үйренді. «Адал ұрпақ» ұйымы арқылы адал ұрпақ тәрбиелеуге көптеген үміттер бар.Болашақ жастарда.

 

Жоламан орта  мектебі   бойынша «Ұшқыр  ой  алаңы» мектеп   оқушыларының дебаттық   қозғалысы  клубының  2022 – 2023   оқу  жылының  жылдық   жоспарына сәйкес мектептегі «Болашақ» және «Келешек» дебаттық топтарының арасында «Мектеп оқушылары үшін ұялы телефон ұстау дұрыспа» тақырыбында  пікір талас өтті. Пікірталас қызу  және   тартысты өтті . Екі топта өз пікірлерін ашық , еш қысымсыз жеткізе білді. Әр топтың критерийлары мен дәлелдері толық қорғалды. Қорыта келе төрешілер  «Болашақ» топтың  критерийларын басымырақ деп таныды. 


7а сынып оқушылары арасында «Бала құқығы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Мектеп медбикесі Кушекпаева Шолпан және ДТЖО,ұстаз ұйымдастырушы А.Қожахметова бірлесіп оқушылар арасында «Педикулез» жұмысын жүргізді.Оқушылар таза,бәрі ойдағыдай.



Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына байланысты 5ә сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтілі.Тәрбие сағаты өз дәрежесінде жақсы өтті.Роза Бағланованың өмірбаянын және өлең шумақтарын оқушылар мәнерлеп айтып берді.Мың бұралған биші қыздар би билеп,ән салды.Сынып жетекшісі:К.Алимжановна.


8-11 сынып оқушылары  «Көңілді тапқырлар алаңын өткізді».Жайдарман төрт кезеңнен тұрды.


«Ертегілер елінде» тақырыбында бастауыш сыныптарымен сайыс өтілді, Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик.әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Жоламан орта мектебі оқушыларының қыздарымен «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 8-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Абдуаитова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп педагог- психологы Б.Такенов мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Ш.Күшекпаева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.


ЖасҰлан,ЖасҚыран балалар ұйымына 54 оқушы қабылданды.Балабақша бүлдіршіндері өлең жолдарын оқып,8а сынып оқушылары Тәуелсіздік күніне ашық тәрбие сағатын өткізді.


«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023  оқу жылындағы желтоқсан айындағы директор жанындағы кеңеске оқушылардың күнделіктерінің тексерілуі  туралы  ақпарат


       Жоламан орта мектебінде оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексерілініп отырылады. Оқушыларға сүзгі жұмыстары жүргізілініп отырылады. Сабақтан себепсіз қалған оқушылар жоқ. Ауырып қалған оқушылардың анықтамалары жинақталған.

     1-4 сынып оқушыларының күнделіктері жинақталып тексерілді.                 2а сынып оқушыларының күнделіктері толығымен толтырылған таза,сырты 

қапталған,бағалау қоры аз. 


2ә сыныбының   оқушыларының күнделіктері тексерілді таза толық толтырылған сырты қапталмаған.

3а сыныбы оқушыларының күнделіктері тексерілді.Оқушылардың күнделіктері уақытылы толтырылған,сырты қапталған,ең үздік күнделіктері бар сынып.

3ә сыныбы оқушыларының күнделіктері толтырылған, күнделіктері таза,ұқыпты жазылған.

 4а ә сыныбы оқушыларының күнделіктері толтырылған таза,ұқыпты жазылған,күнделіктердің сырты толығымен қапталмаған.

5а және 5ә сыныбы оқушыларының  күнделіктері тексерілді.Оқушылардың күнделіктері толығымен толтырылмаған, оқушылардың ¾ суреті жоқ.

6а және 6ә сыныбы оқушыларының күнделіктері тексерілді сынып жетекшінің қолы толық қойылмаған,күнделіктері таза.

 8а және 8ә сыныбы оқушыларының  күнделіктері тексерілді.Оқушылардың күнделіктері толық толтырылмаған,  ата-ана қолы толық қойылмаған,бағалау қоры аз.Үй тапсырмалары толық толмаған.

9а және 9ә сыныбы оқушыларының  күнделіктері тексерілді.Оқушылардың күнделіктерінде бағалау қоры аз.Үй тапсырмалары толық толмаған.Күнделіктері таза

10а және 10ә сыныбы оқушыларының  күнделіктері тексерілді.Оқушылардың күнделіктері  толтырылған,  ата-ана қолы қойылған,оқушылардың күнделіктері таза,бағалау қоры аз. 

Оқушылардың күнделіктері сабаққа қатысулары тексеріліп қадағаланып отырылады.Сүзгі жұмыстары жүргізілініп отырылады.





Ұйымдастырушы ұстаз                        А.Қожахметова

















«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023  оқу жылындағы желтоқсан айындағы директор жанындағы кеңеске оқушылардың сабаққа қатысуы туралы  ақпарат


       Жоламан орта мектебінде оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексерілініп отырылады. Оқушыларға сүзгі жұмыстары жүргізілініп отырылады. Сабақтан себепсіз қалған оқушылар жоқ. Ауырып қалған оқушылардың анықтамалары жинақталған.

 1-ауысымда 1а,2а,3а,4а,5а,6а,7а,8а,9а,9ә,10а,10ә,11а,11ә сыныптар оқиды. Тасымалданып оқитын оқушылар саны-74 оқушы.  Оқушылар сабақтан себепсіз қалмайды.    

2- ауысымда 2ә,3ә,4ә,5ә,6ә,7ә,8ә сыныптар оқиды.

       Сабақтан қалған оқушылардың анықтамалары мектеп дәрігерінің бақылауымен жинақталған. 




Ұйымдастырушы ұстаз                  А.Қожахметова