"Мемлекеттік тіл-менің тілім" » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мемлекеттік тіл-менің тілім"
19
сентябрь
2022

"Мемлекеттік тіл-менің тілім"

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбындағы көрменің анықтамасы


19.09.2022 жылы мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты көрме ұйымдастырылып, 7-8 сынып оқушыларына таныстырылды. Іс-шараның мақсат: Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай», барлық жиған тіл байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Еліміз өз егеменгдігін алып, іргесін кеңге жайған замандамыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда екенін түсіндіру.