"Мобильді кітапхана""Жүктеп ал да, оқы!" » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мобильді кітапхана""Жүктеп ал да, оқы!"
14
ноябрь
2022

"Мобильді кітапхана""Жүктеп ал да, оқы!"

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы ұйымдастырған «Мобильді кітапхана» «Жүктеп алда, оқы!» бұрышының ақпараты

Мақсаты: Оқушыларға электронды кітапхана, мобильді кітапхана туралы түсінік беру. Оқырмандарға көркем әдеби шығармалардың қол жетімділігін ұйымдастыру. "Сүйіспеншілік" құндылығының мәнін аша отырып, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандардың  барлығына дерлік қолжетімді болу керек. 


Мобильді кітапханалар - бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірибелік біліктілік, келешек. Қазіргі уақытта адамдар интернет желісіне смартфондардың көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай Жоламан орта мектебі кітапханасында оқырмандарға қолжетімді болсын деген мақсатта көркем әдебиеттердің бірнеше топтамасынан "Мобильді кітапхана" ұйымдастырылды. Және де, оқушыларға "QR код дегеніміз не? Тақырыбында мағлұмат берілді, мектеп кітапханашысы Р.Сакеева "QR кодты қалай пайдалану керек? QR код арқылы көркем әдебиеттерді қалай жүктеп алып, оқуға болатыны жөнінде айтып берді. Бұл жұмыс алға қарай жалғасын табады. Орыс, ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттерді де QR код арқылы оқуға мүмкіндіктер жасалады.    





 
                        Кітапхана меңгерушісі                     Р.Сакеева