«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы
25
май
2022

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы

Мектептің әдістемелік жұмысы мемлекеттік тұрғыдан алып,қарасақ оқушылар мен оқытушылардың ,ата-аналардың шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытуға арналған стратегиялық бағытына сүйене отырып,мұғалімдердің кәсіби щеберлігін шыңдауды көздейді.

Әдістемелік жұмыс мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жан-жақты дамуын,педагогикалық ұжымның қызметін,оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелілігін арттыруға арналған.Оқу-тәрбие үрдісі және оқушылар ерекшелігін ескере отырып,педагогикалық ұжым біркелкі әдістемелік тақырыпты басшылыққа алып  отыр.Ол тақырып: «Оқушылардың іздену және шығармашылық қабілеттерін жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы дамыту».

2021-2022 оқу жылының мақсаттары мен міндеттері:Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін,шығармашылығын жетілдіріп дамытуда тиісті әдістемелік көмек беру.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

1.Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп,өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі рөлін көтеру.

2.Сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

3.Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.

4.Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру.

5.Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.

6.Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілікте ұстау.

7.Оқулық,әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірлеу.

8.Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесін жетілдіру.

ӘБ қызметі

Мектеп әдстемелік қызметіндегі құрылымды басты бөлім ӘБ қызмет бөлімі болып табылады.



Мектепте жеті ӘБ қызмет етеді.

1.Бастауыш сынып мұғалімдерінң ӘБ-жетекшісі  А.Мейрман – педагог  модератор,бастауыш сынып мұғалімі. 

2.Қазақ тілі мен әдебиет пәні және тарих пәні мұғалімдерінің   ӘБ-жетекшісі Ж.Омарбекова –екінші санатты,қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

3.Орыс тілі  мен әдебиет пәні және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  ӘБ-жетекшісі - Ж.Мендыгожина екінші санатты, ағылшын тілі  пәні мұғалімі.

4.Физика-математика,информатика пәні мұғалімдерінің ӘБ-жетекшісі-Э.Нурабаева информатика пәні мұғалімі.

5.Жаратылыстану-география пәні мұғалімдерінің ӘБ-жетекшісі Г.Касенова педагог сарапшы ,география пәні мұғалімі.

6.Технология пәні және саз пәні мұғалімдерінң ӘБ-жетекшісі-К.Алимжанова-екінші санатты,музыка пәнінің  мұғалімі.

7.Дене шынықтыру және АӘД  пәні ӘБ жетекшісі Ж.Аяпбергенов педагог-модератор,дене шынықтыру пәні мұғалімі.

8.«Дарын» оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі – Г.Касенова педагог  сарапшы,география пәні мұғалімі.

9.«Озық тәжірибе» мектебінің жетекшісі-Г.Каирманова педагог сарапшы ,орыс тілі пәні мұғалімі.

10.«Жас маман» мектебінің жетекшісі-И.Уралханова педагог сарапшы ,биология пәні мұғалімі.

ӘБ жетекшілерінің өкілдеріне мектепшілік бақылаудың (бақылау, сараптама, кейбір пәндердің сапасын тексеру) бөлігі берілген. Әрбір жетекші өзіне берілген міндеттерді тиісті деңгейді жүргізді.

Мектеп жұмысының ең басты бағыты-педагог кадрлармен жұмыс. Бүгінде мектебімізде мұғалімдер саны-45. Жоғары санатты мұғалім саны – 4,  І санатты –мұғалім саны-2 , ІІ санатты мұғалім -5, педагог -12,  педагог-модератор-12, педагог сарапшы-9,  педагог зерттеуші-7.

    Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы перспективалық жоспарды негізге ала отырып  2021-2022 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі жасалынды. Мектепішілік бұйрыққа сәйкес мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Биылғы оқу жылында 15  мұғалім аттестациядан өтуге өтініш берді, оның ішінде педагог модератор-1, педагог сарапшы-2, педагог зерттеуші- 3 өтті.  2021-2022 оқу жылында  барлығы 6 мұғалім аттестатциядан өтті, 9 мұғалім өте алмады. 

 

2021-2022 оқу жылында  17 мұғалім   біліктілігін арттыру курстан өтті.









   Жылдық жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды.

ӘБ жетекшілерінің өкілдеріне мектепішілік бақылаудың бақылау ,сараптама кейбір пәндердің сапасын тексеру бөлігі берілген.Әрбір жетекші өзіне берілген міндеттерді тиісті деңгейде жүргізді. 

Айлық жоспарға сәйкес пән апталықтары өтілді.

02.09-11.09 күндері аралығында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі «Тіл-ұлт бірлігінің ұйытқысы».

15.11-20.11  күндері аралығында  «Язык – мой друг»  тақырыбында   орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілдері пәндері.

22.11-27.11  күндері аралығында   бастауыш пәндер бірлестігі «Бастауыш –білім бастауы». 

06.12-11.12 күндері аралығында тарих пәнінен «Тарих тағылымы». 

20.12-25.12 аралығында МАД және шағын орталық бірлестігі «Балдырған –балалық шақ».

17.01.-22.01 күндері аралығында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында жаратылыстану-математика пәндері. 

24.01-29.01 аралығында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында политехникалық пәндер.

07.02-11.02  аралығында жаратылыстану пәндер бірлестігі «Жаратылыстану,ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбында апталық өткізілді.

«Жас мамандар» мектебі құрылып,жетекшісі тағайындалды.Жетекші И.Уралханованың тарапынан жоспар құрылды. Жылдық  жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. 11.04-15.04 аралығында «Үйренейік, ізденейік жас маман!» тақырыбында жас мамандар апталығы өтті.

25.04-29.04 арлығында «Озық тәжірибе –көпке ортақ» тақырыбында шебер ұстаздар ашық  сабақтар өткізді.

Жас мамандарға әдістемелік- ақпараттық көмек көрсету ,кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға жағдай жасау,оларды іскерлікке,мәдениеттілікке ,өз кәсібіне үлкен  жауапкершілікпен қарауға баулу,қолдау көрсету мақсатында «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында Г.Каирманова дөңгелек үстел өткізіп,тәжірибесін жас мамандармен бөлісті.

Пән мұғалімдерінің аудандық,облыстық семинарларға,байқауларға қатысуы:

Аудандық «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы бастауыш сынып мұғалімі Мейрман Айгерім Талғатқызы бас жүлдемен марапатталды.Облыстық «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық  «Ұстазым-ұлағаттым»  атты ұстаздар арасында өткен өнер байқауында «Қол өнері» номинациясы бойынша дене шынықтыру мұғалімі Тазабеков Талғат Ануарович бас жүлдемен марапатталды. 

Аудандық «Әдістемелік сандықша-2021» байқауында логопед Сембекова Асель Бекбергенқызы бас жүлдені иеленді.Облыстық «Әдістемелік сандықша» байқауында III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық «Үздік жас маман 2021»  байқауында мектепалды даярлық тобының жетекшісі Смагулова Зарина Айхановна I дәрежелі дипломмен ,төсбелгімен марапатталды.

Аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2022» байқауында дене шынықтыру пәні мұғалімі Тазабеков Талғат Ануарович 2 орынмен марапатталды.

Аудандық мектепалды даярлық тәрбиешілері арасында өткізілген «Жас маман-2022» байқауында бас жүлдемен Смагулова Зарина Айхановна марапатталды.

Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің тамыз кеңесінің информатика пәні секциясында шығармашылық есеп берудегі жаңашылдығы үшін Нурабаева Эльвира Омыржановна марапатталды.






Оқушылардың интеллекуалдық марафондарға аудандық,облыстық пән олимпиадасына қатысуы:

2 «А» сыныбы «Кенгуру-математика барлығы үшін» интелектуалдық ойын-конкурсының жеңімпаздары: 2 дәрежелі диплом Қапаз Іңкәр, Бақытқанқызы Махаббат, 3 дәрежелі дипломмен Мұхаметқызы Жұлдыз марапатталды. 

Диплом Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасының 3 орын иегері Садыхан Кәусар. «Білген» олимпиадасының 2 орын Абылхан Малика, Бақытқанқызы Махаббат, Мұхаметқызы  Жұлдыз ,  Садыхан Кәусар, 3 орын иегері Абдыманап Али диплом, медаль және сыйлықтармен марапатталды. «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары: Ерболат Айтұмар 2 орын, Бақытқанқызы Махаббат 2 орын.«Білген бәйге» Республикалық олимпиадасына  Тулеген Әсем, Абсадық Кенже, Сейтнұр Елдос, Жарылқап Ескандыр, Бақытқанұлы Алихан, Есімханұлы Алихан.Бақытқанұлы  Алихан   «Білген бәйге» ұлттық білім сайыстарының 5-ші Республикалық олимпиадасынан  2- орын иеленді.    Қабілетті оқушы  Бақытқанұлы Алихан «ҚР 100 Үздік Дарынды оқушы » атты Республикалық байқауға қатысты. 4 «Ә» сынып оқушылары Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасынан 2-орынды Жомартханұлы Сұлтанәли,осы олимпиададан 3-орынды Азаматұлы Ералы  иеленді.

Аудандық ғылыми жобалар байқауында «Орыс тілі» секциясы бойынша II  орын алғаны үшін 10 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Мейірлан  марапатталды. Жетекшісі:Д.Жанаберлиева.

Аудандық ғылыми жобалар байқауында «Өлкетану» секциясы бойынша Бас жүлдемен 9 «А» сынып оқушысы Әнуар Тәңірхан марапатталды. Жетекшісі:Г.Касенова.

Аудандық ғылыми жобалар байқауында «Биология» секциясы бойынша Бас жүлдемен 10 «А» сынып оқушысы Калмуханбет Арай Алмасқызы   марапатталды.Жетекшісі:И.Уралханова.





Облыстық  ғылыми жобалар байқауында «Өлкетану» секциясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Әнуар Тәңірхан III дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:Г.Касенова.

Облыстық  ғылыми жобалар байқауында «Биология» секциясы бойынша III дәрежелі дипломмен 10 «А» сынып оқушысы Калмуханбет Арай Алмасқызы  марапатталды. Жетекшісі:И.Уралханова.

Аудандық М.Мақатаев оқуларынан «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы  Игілік Аружан II орын иеленді.Жетекшісі:Н.Нурушева

Аудандық «Ілияс» оқуларында мәнерлеп оқу номинациясы бойынша III орынға ие болған 8 сынып оқушысы Төлеген Елдана  марапатталды.

Жетекшісі:Ә.Нұрғалиева 

Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасында өткен пән олимпиадасына 14 оқушы қатысып марапатталды.5 оқушы  облыстық кезеңге жолдама алды. 






11 сынып оқушысы Асылова Аделя география пәнінен I орын.Жетекшісі:Г.Касенова

9 сынып оқушысы Өмірбек Дәурен физика пәнінен I орын.Жетекшісі:А.Бейсбаева 

10 сынып оқушысы Бейсенбай Мейірлан  орыс тілі пәнінен I орын.Жетекшісі:Д.Жанаберлиева 

10 сынып оқушысы Игілік Аружан  қазақ тілі пәнінен I орын.Жетекшісі:Н.Нурушева 

9 сынып оқушысы Сағи Бекжан биология пәнінен I орын.Жетекшісі:И.Уралханова 


11 сынып оқушысы Бахытзат Айсулу физика пәнінен II орын. Жетекшісі:А.Бейсбаева 

11 сынып оқушысы Садырбек Айым қазақ тілі пәнінен II орын. Жетекшісі:Ә.Нұрғалиева 

11 сынып оқушысы Сембек Арайлым ағылшын тілі пәнінен III орын. Жетекшісі:Қ.Құрбан.

10 сынып оқушысы Калмуханбет Арай физика  пәнінен III орын. Жетекшісі:А.Бейсбаева 

9 сынып оқушысы Мұхамедқали Сымбат информатика  пәнінен II орын. Жетекшісі:Э.Нурабаева 

9 сынып оқушысы Мүсілім Аймара қазақ тілі пәнінен II орын. Жетекшісі:Ж.Омарбекова

Облыстық кезең пәні олимпиадасында 10 сынып оқушысы Бейсенбай Мейірлан III дәрежелі дипломмен  марапатталды.Жетекшісі:Д.Жанаберлиева 

Аудандық «Абай» оқулары байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша II орынға ие болған 11 сынып оқушысы Сансызбай Бекжан марапатталды.Жетекшісі:Ж.Омарбекова 

Аудандық «Абай» оқулары байқауында «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша III орынға ие болған 8 сынып оқушысы Сағи Айғаным марапатталды.Жетекшісі:Н.Нурушева 

 Облыстық «Өрлеу» білім-ғылым технология порталы Диплом I-дәрежелі пәндік олимпиадасында үздік білім жетістігін көрсеткен Аяпберген Аруна марапатталды.Жетекшісі:Ж.Омарбекова 

Облыстық «Өрлеу» білім-ғылым технология порталы Диплом II-дәрежелі пәндік олимпиадасында үздік білім жетістігін көрсеткен Игілік Аружан марапатталды.Жетекшісі:Н.Нурушева




Мектеп директоры:                                          А.Жанаберлиев