«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ашық есік күні » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербулакский район бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ашық есік күні
14
апрель
2023

«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ашық есік күні

Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға мектеп өмірімен таныстыру мақсатында Жоламан орта мектебінде сәуір айының 12-сі күні «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінің мақсаты:ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы  жаңартылған білім беру мазмұнымен  жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға  белсене араласуға тарту. Бағдарламаға сай ашық сабақтар, шығармашылық-ғылыми көрмелер, мектеп жәрмеңекесі мен концерттік бағдарлама өткізілді. Родителям критериалды бағалау жүйесі туралы ақпараттандырып, кері байланыс берілді. Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екені айтылды. Сабаққа  қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша  әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Ашық есік күніне ашық сабақтарға қатысқан ата-аналар, Жанысова Ләйлә Маратқызының 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қарсы мәнді сын есім» тақырыбындағы сабағына  және Алипбекова Сәуле Капасовнаның 8 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Рационалдық теңсіздіктерді шешу» тақырыбындағы ашық сабағына, Айтова Толқын Зейнелханқызының қазақ тілі пәнінен 3 «А» сыныбымен «Есептік және реттік сан есім» тақырыбындағы ашық сабағына, жас маман Нуспекова Мадина Асқарқызының химия пәнінен 9 «Ә» сыныбымен «Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбындағы ашық сабағына, Имашева Шолпан Қалиқызының алгебра пәнінен 9 «А» сыныбымен  «Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру» тақырыбындағы ашық сабағына  жоғары баға берді. Оқушылардың  топпен, жұппен жұмыс істеп, белсенділік танытқанын көрген қонақтар  жаңа әдіс-тәсілдердің оқушының  сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруына әсер ететінін байқады.

        Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жулкайнарова Марал Омаровна осы күні, ата-аналарға «Критериалды бағалау ерекшеліктері»,  бағалау критерийлерінің негізінде білім  алушылардың оқу жетістіктері туралы  ақпарат берді. Ал, мектеп психологы Такенов Бауыржан  қонақтарға әр түрлі тренингтер  арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болатындығы туралы түсіндірді.

         Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани  ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты  міндеті.


https://drive.google.com/file/d/1xYpkpkK7e2P6J1S8SWGBRgFN51xcZV0P/view?usp=share_link