Жоламан орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында атқарылған Іс-шаралары туралы Ақпарат » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоламан орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында атқарылған Іс-шаралары туралы Ақпарат
11
январь
2023

Жоламан орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында атқарылған Іс-шаралары туралы Ақпарат

Жоламан орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында атқарылған

Іс-шаралары туралы

Ақпарат

Жоламан орта мектебі 2022-2023 оқу жылы аясында Қыркүйек айында «Жасыл патруль» жасағы құрылды.

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту,  табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге мейірімділікке тәрбиелеу,  экологиялық тәрбие беру.                                  «Мен табиғатты қорғаймын» сурет байқауы.Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты тусіндіру. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын дамыту.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 


«Табиғатты қорғайық» экологиялық акциялар

Экологиялық жолдың мақсаты:

Обьектлер туралы экскурсанттарға қоршаған ортаның процессі мен құбылыстарын қарпайым мәліметтерді кеңейту.

Өз тыңдаушыларыңды жаяу жолдың маршрутының аймағында, жасанды фактордың әр түрлі әсер етулерін байқауға уйрету.

Сайыс «Терезедегі бақша»                                                                                                                     Экологиялық апталық «Біз табиғат қорғаушысымыз»                                                          Көрме «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер»                                                                          Экологиялық дабыл «Ластанған аумақ»

Мақсаты: Балалардың білімдерін экологиялық бағытта нығайту, ата-аналар, ұстаздар және балалар арасындағы шығармашылық қарым-қатынас арқылы балаларды еңбекке баулу.

«Экологиялық квест» ойыны 

Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, :Оқушыны жан-жақтылыққа, шапшандылыққа, шығармашылыққа,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушылардың қазіргі білім негізінде жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

«Жасыл желек жан рахаты» акциясы іс-шара

Мақсаты: Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты суюге, аялауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосуы.

«Шыршаны безендіреміз» 

Мақсаты: Шыршамен таныстыру, оны басқа ағаштармен салыстыру, айырмашылығын байқау, қолдан жасалған шырша ағашымен салыстыру, сөздік қорын дамыту,ұжымдасып жұмыс жасауға, тірі табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Дайындаған:  Ұстаз-ұйымдастырушы  А.Қожахметова