Қорытынды есеп І тоқсан » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қорытынды есеп І тоқсан
19
октябрь
2022

Қорытынды есеп І тоқсан

                                                 Жоламан орта мектебі МДШО 

                                                Директоры А.Жанаберлиевке


І тоқсандағы ұстаз – ұйымдастырушының атқарған жұмысы

 бойынша есеп беру туралы 

Ақпарат


«Мәңгілік ел» сурет көрмесі. Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 

     «Мәңгілік ел» сурет көрмесінде оқушылардың салған суреттері мен өз қолдарымен жасаған заттары болды. Оқушылардың санасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыра отырып оларды әсемдікке , еңбекке сүйгіштікке баулыды.

 

Қыркүйек  айында   «Жас ұлан» , «Жас қыран» клубы   құрылды , мүшелері  сайланды . «Өзін –өзі басқару» ұйымының президентін сайлау өтті.  Ең көп дауыс жинаған 10а  сынып оқушысы Мүслім Аймара мектеп президенті атанды. Жасұлан ұйымының президенті:Мұхамедқали Сымбат.Қыздар министрі:Нұрмолда Гүлзат.Мәдениет фракциялары:Мұхамедқали Сымбат,Нұрмолда Гүлзат.Дебат фракциялары: Мүслім Аймара,Қайнарбек Назым.Ақпарат фракциялары:Сағи  Айғаным,Баясыл Гүлназ.Спорт фракциялары:Нұрғали Нұрбек,Нұрмұхамбет Елжас.Тәртіп фракциясы:Төлеген Елдана.Экология фракциялары:Амангелді Ақнұр,Ерғали Нұрай. Осы ұйымның құрамына он төрт оқушы қабылданды. Әр министрдің жылдық жоспары құрылып , бекітілді. 

«Адал ұрпақ» еріктілер  клубының  жұмысы ұйымдастырылып , мүшелері тағайындалды. «Полицияның  жас  достары» отрядының  жұмысын   ұйымдастырылды. «Ұшқыр ой  алаңы» мектеп оқушыларының  дебаттық  қозғалысы клубының  іс – шаралар   жоспары  құрылды. 

Жоламан орта  мектебі   бойынша «Ұшқыр  ой  алаңы» мектеп   оқушыларының дебаттық   қозғалысы  клубының  2022 – 2023   оқу  жылының  жылдық   жоспарына сәйкес мектептегі « Ұшқын» және «Жалын» дебаттық топтарының арасында «Онлайн оқу тиімді ме , әлде штаттық оқу тиімді ме ?» тақырыбында  пікір талас өтті. Пікіпталас қызу  және   тартысты өтті . Екі топта өз пікірлерін ашық , еш қысымсыз жеткізе білді. Әр топтың критерийлары мен дәлелдері толық қорғалды. Қорыта келе төрешілер  «жақтаушы» топтың  критерийларын басымырақ деп таныды. 



«Интернет кітапты алмастыра алады ма ?»тақырыбында   пікір талас өтті.  Кейінгі кезде «Кітапты қайтесің, барлығы да интернетте тұрған жоқ па? Қазір кітаптың емес, компьютердің заманы» дейтін пікірлер белең алып тұрғаны жасырын емес.

. Әр скиппер ситуация туғызу, шешу жолын айту,  сұрақ – жауап   барлық аргументтерді епті   қолданды . Төреші «интернет   кітапты алмастыра алмайды» деген тоқтамға келді . Жеңіске даттаушы топ жетті.

Жоламан  орта мектебі   бойынша ұстаз – ұйымдастырушының 2022 – 2023  оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бойынша мектепшілік «Өзін – өзі басқару» ұйымының мүшелері  арасында «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз !» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

 «Ақылды волонтерлік» тақырыбында «қарттар күніне» өзін-өзі басқару мүшелерінің қатысуымен іс – шара ұйымдастырылды .Іс-шараға Әбікен Сарыбаев мәдениет үйінің әртістері келіп өз өнерлерін паш етті.Жоламан орта мектебі КММ ұстаздары ата-апаларға ақ дастарқан жайды. 


 


Мектеп   оқушыларымен  «Өрт сөндіру  қызметінің тарихы» тақырыбында  әңгіме сабақ өткізілді. Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

Оқушылар өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды және болдырмауды түсінді.



 







        «Жас құтқарушылар» клубы  құрылды. Ережесі бекітіліп , мүшелері сайланды. 

         9а – сынып оқушылары арасында «Мен өмірді таңдаймын!» атты тренинг сабақ өткізілді. 

Жоламан орта  мектебі  бойынша «Ұшқыр  ой   алаңы» мектеп  оқушыларының дебаттық  қозғалысы   клубының  2022 – 2023  оқу   жылының  жылдық  жоспарына сәйкес мектептегі « Ұшқын» және «Жалын» дебаттық топтарының арасында «Жастардың бойындағы патриотизмді арнайы тәрбиелеу қажет пе ? »тақырыбында  пікір талас өтті.  

2022-2023 оқу жылында «Күз сыйы» 1-4 сыныптар арасында және   «Армысың алтын күз» 5-9 сыныптар бойынша іс-шара өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында және жоғарғы сынып оқушылары арасында бөлініп өтті.  Байқауға бастауыш сыныптардан  1а «Алма»,1ә   «Сәбіз», 2а «Гүл», 2ә  «Жапырақ», 3а «Жүзім»,3ә  «Асқабақ»,4а «Құлпынай» 4ә «Апельсин»сынып  топтары қатысты. Сайыс  төрт кезеңнен тұрды . 1 кезең - топты  таныстыру .2 өз-өнерін көрсету. 3 кезең - экибана . 4 –  кезең Күз Ару (сән үлгісі). Бағалау 5 балдық  жүйемен , ашық түрде бағаланды. Бастауыш сынып арасында  1 орынды   3ә  сынып «Асқабақ» тобы  ,2 орынды 4а сынып  «Құлпынай» тобы  ,3 орынды 4ә сынып «Апельсин» тобы алды. Жеңімпаздар әділ қазылар шешімі бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.

                
 Жоғарғы  сынып оқушылары арасында  5-8 сыныптар және 9-11 сыныптар арасында өтілді. Алдын ала сайысқа қатысушылар сәнді киіммен келу ескертілген болатын. Қатысушылардың да түрлі әдемі киім-кешектерде болуы өтіп жатқан балға сән бергендей. Сайыс басталғаннан аяқталғанға дейін қызықтарға толы болды. Сайыста оқушылар өз өнерлерін көрсетті   Арнайы сахналық нөмірлер көрсетіліп, әдемі әндер айтыды. Сонда "сән үлгісі" бойынша ерекше көзге түскен 9а,9ә,11 сынып оқушылары болды. Бұл кештің ерекшелігі 11 сынып оқушыларының керемет әнімен тәмамдалы. Байқауы әділ және қызықты өтті. Сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
 

Қорыта айтқанда ұстаз – ұйымдастырушының  жылдық жоспары құрылып , айлық жоспарларға бөлініді.  Уақытылы  жоспар бойынша барлық іс – шаралар өткізіліп , анықтама , ақпарат , хаттамалар жазылып , тігілуде.  



Орындаған: Ұстаз ұйымдастырушы А.Қожахметова







-