2021-2022 оқу жылындағы көпэтносты оқушылар мен олардың ата аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шаралар туралы ақпарат » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы көпэтносты оқушылар мен олардың ата аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шаралар туралы ақпарат
18
январь
2022

2021-2022 оқу жылындағы көпэтносты оқушылар мен олардың ата аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шаралар туралы ақпарат

«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы көпэтносты оқушылар мен олардың ата аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шаралар туралы ақпарат


  Көпэтносты оқушылар мен олардың ата аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді.Жоспар бойынша барлық жоспарланған жұмыстар толығымен өткізілді.

18.01.2022ж «Қазақстан туған жерім,туған елім!» тақырыбында мүшәйра өтілді.Оқушылар туған жер, туған елім туралы оқушылар өлең жолдарымен сайысқа түсті.Оқушылар жақсы дайындалған.

20.01.2022ж «Бірлігіміз жарасқан» концерттік бағдарлама 1-4 сыныптар арасында өтті.Оқушылар мен сынып жетекшілер жақсы дайындалған.Ата аналар жақсы атсалысып балаларға қолдау жасады. Әр сынып оқушылары өздері таңдаған ұл өкілдерінің киімін,таныстыруларын,би өнерін көрсетті.Сайыс өз деңгейінде өтіп 4а сыныбы бас жүлдені иеленді. Барлық қатысқан сыныптар  мақтау қағаздарымен марапатталды.


20.01.2022ж 5-9сынып оқушылары арасында  «Менің елім- Қазақстан» сурет салу сайысы өтілді. Оқушылар өз өнерлерін салып суреттер көрмесін ұйымдастырды.

24.01.2022ж «Достығымыз-жарасқан,бірлігіміз- ұласқан» тақырыбында  ауылдың атақты тұлғаларымен кездесу  zoom платформасы арқылы өтті. Кездесуге ауылымыздың жас спортшысы Садуақас Бекарыс қатысып оқушыларға өзінің жетістіктері жайлы айтып өтті. 


25.01.2022ж 10-11 сынып оқушылары арасында «Туған елім-мақтанышым!» эссе жазу конкурсы өтілді. Оқушылар берілген  тақырыпта жақсы эссе жазып өз ойларымен бөлісті. Өте жақсы эссе жазған 11ә сынып оқушысы Сембек Айғаным   мақтау қағазымен марапатталды. 


24.01.2022ж «Толағай» көңілді ойындар сайысы 1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында ұйымдастырылып өткізілді.Ата-аналар мен оқушылар спорттық ойынға белсене атсалысты.Жеңімпаз атанған топ мақтау қағаздарымен марапатталды.

25.01.2022ж 1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Асық ату», «Бес асық» сайысы ұйымдастырылып өткізілді.Сайысқа үш топ болып қатысты.

27.01.2022ж 1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында  «Әкем,анам және мен!» отбасылық спорттық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Үш  отбасы болып қатысты. Оқушылармен ата-аналар жақсы белсенділік танытып қатысты.Жеңімпаз болған отбасы марапатталды.

02.02.2022ж 5-9 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» сайысы өтілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Тазабековтың ұйымдастыруымен өтті.



04.02.2022ж 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Үстел теннисі» сайысы өтті. Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріТ.Тазабеков жәнге Ж.Аяпбергенов ұйымдастырып өткізді.




10.02.2022ж 5-11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Мен- Қазақстан чемпионымын!» шахмат сайысын Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Т.Тазабеков өткізді.


Көпэтносты оқушылар мен олардың ата-аналарының қатысуымен өткізілетін мәдени бұқаралық және спорттық іс-шара жоспары бойынша барлық жұмыстар толығымен атқарылды.