2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістігі » Жоламан орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жоламан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістігі
25
май
2022

2021-2022 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістігі

Аудандық «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы бастауыш сынып мұғалімі Мейрман Айгерім Талғатқызы бас жүлдемен марапатталды.Облыстық «Дарынды оқушыға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық  «Ұстазым-ұлағаттым»  атты ұстаздар арасында өткен өнер байқауында «Қол өнері» номинациясы бойынша дене шынықтыру мұғалімі Тазабеков Талғат Ануарович бас жүлдемен марапатталды. 

Аудандық «Әдістемелік сандықша-2021» байқауында логопед Сембекова Асель Бекбергенқызы бас жүлдені иеленді.Облыстық «Әдістемелік сандықша» байқауында III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық «Үздік жас маман 2021»  байқауында мектепалды даярлық тобының жетекшісі Смагулова Зарина Айхановна I дәрежелі дипломмен ,төсбелгімен марапатталды.

Аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2022» байқауында дене шынықтыру пәні мұғалімі Тазабеков Талғат Ануарович 2 орынмен марапатталды.

Аудандық мектепалды даярлық тәрбиешілері арасында өткізілген «Жас маман-2022» байқауында бас жүлдемен Смагулова Зарина Айхановна марапатталды.

Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің тамыз кеңесінің информатика пәні секциясында шығармашылық есеп берудегі жаңашылдығы үшін Нурабаева Эльвира Омыржановна марапатталды.




Похожие публикации: